Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Лукашенкомен келіссөз жүргізгенін құптамайды

Маусым 26, 2023, 7:23 Т.Қ.

Кеше түс ауа Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлескен болатын.

Онда халықаралық жағдай мен аймақтағы ахуал, Беларусь пен Қазақстан қатынастары талқыланған.

«Беларусь Президенті Тұңғыш Президенттің көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Теги: