Таеквон-до төңірегіндегі дау: Қай тараптың ісі заңды?

Там. 18, 2022, 3:06 Т.Ж.

Өткен бейсенбіде  11.08.2022 күні Мen media.kz алаңында «Таэквон-до Ұлттық спорт федерациясы (ITF)» ҚБ президенті АЙДОС АМАНЖОЛОВ журналитермен өткізген брифингте  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіндегі жемқорлық туралы мәлімдеген болатын. «Кейбір спорт жаттықтырушылары мен таэквон-до төрешілері бюджеттен заңсыз ақша алады. Себебі олар жалған құжат негізінде жұмыс істейді» ,- деген болатын  А.АМАНЖОЛОВ. 

Алайда бүгін Men media.kz алаңында Қарағанды таэквон-до ITF федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы ВАЛЕРИЙ КОГАЙ ол мәліметтерді жоққа шығарды. В. Когайдың пікірінше, таэквон-до ITF біздің еліміздегі шығыс жекпе-жегінің ең қолжетімді және сұранысқа ие түрлерінің бірі. Осы уақыт аралығында ең жоғары деңгейдегі жарыстарда Қазақстанның намысын лайықты қорғаған көптеген спортшылар мен жаттықтырушылар бар. Қазіргі уақытта әлемдегі бірнеше халықаралық таэквондо-до ITF федерациялары бар. Ол спорт түрлерінің Қазақстанда өз бөлімшелері бар. Атап айтқанда олар: «Таэквондо ұлттық спорт федерациясы (ITF)» ҚБ (президент А. АМАНЖОЛОВ), «таэквондо ИТФ қауымдастығы(I.T.F.) Қазақстан» ЗТБ (президент Е. ИСЕКЕШЕВ), «Қазақстан ұлттық спорт федерациясы» ҚБ Дәстүрлі Таэквон-до ITF Федерациясы(президент Е.Әбенов), «Қазақстандық барлық стильдегі Таэквон-до федерациясы» (президент М. ДЮ). Барлық  федерациялар ТАЭКВОНДЫ-ITF-ке  өз мүмкіндіктеріне қарай  ресми құжаттарына сәйкес түрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізеді.

АЙДОС АМАНЖОЛОВ басқаратын таэквондо ұлттық спорт федерациясы (ITF) даму қарқыны ең төмен федерация болып табылады. Онда жоғары білікті жаттықтырушылар некен-саяқ. Десе де  жаттықтырушылардың категориялары бар. Бірақ әлем чемпионаттарында біздің еліміздің намысын қорғай алатын әлемдік деңгейдегі спортшылар жоқ. Ең бастысы бұл федерация тек Алматыда ғана бар. Бірақ құжат жүзінде аталмыш федерацияның филиалдары Қазақстанның барлық облыстық қалаларында бар деп көрсетілген.  Шын мәнінде Қазақстанның 9 қаласында «Таэквондо-до ИТФ қауымдастығы» (I.T.F.) ЗТБ құрамына кіретін ITF облыстық таэквондо федерациялары (I.T.F.) жұмыс істейді (президенті Е.ИСЕКЕШЕВ). Осы филиалдар ғана жергілікті облыстық аккредиттеуге ие және өңірлерде таэквондо-до ITF-ті дамытуда. 

 ВАЛЕРИЙ КОГАЙдың сөзіне сенсек,  Айдос Аманжоловты Таэквондо ұлттық спорт федерациясына (ITF) Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті заңсыз тіркеген.  Өйткені оның бірде-бір аккредиттелген облыстық федерациясы жоқ.  Мемлекеттік аккредитацияны заңсыз алып, А. АМАНЖОЛОВ мемлекеттік қаржыландыруға ие болған.

«2021 жылдың мамыр айында таэквондо ұлттық спорт федерациясы (ITF) А.АМАНЖОЛОВ аккредиттелген республикалық федерация ретінде Нұр-Сұлтан қаласында таэквондодан-ITF-тен Қазақстанның ашық кубогын өткізді. Бұл жарыстарға қатысу үшін жарна бір адамға 50 мың теңгені құрады.  Бұл жарыстарға Теміртау қаласының командасы қатысып, әр спортшы үшін 50 мың теңгеден төлеп, 33 алтын, 17 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды. ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы Заңына сәйкес, ұйымдастырушы ұйым бірыңғай спорттық жіктеу бойынша нормативтерді орындаған спортшыларға спорттық атақтар беру үшін барлық қажетті құжаттарды (хаттамалар, анықтамалар) ұсынуға міндетті. Алайда, А. АМАНЖОЛОВ бұл заңды талапты орындаудан бас тартты. Спортшылар адал тапқан спорттық атақтарын ала алмады», — деп атап өтті ВАЛЕРИЙ КОГАЙ.  

2022 жылдың  25 наурызында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты федерацияны А.Аманжоловты қорытынды хаттамаларды беруге және сот шығындарын, яғни 200 000 теңге көлемінде өндіріп алуға шешім қабылдады. Осы жылдың сәуір айында Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты В.Когайдың қойған талабы бойынша А. Аманжоловтың көпшілікке таратқан мәліметтерінде  В. Когайдың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп танып, А. Аманжоловтың ісі заңға қайшы деп шешім қабылдады. 

«2021 жылдың қараша айында дене шынықтыру және спорт істері комитеті спорт түрлерін жіті тексеруді жүргізді.  Сол саралаудың  нәтижесі бойынша А. Аманжолов басқаратын мекеме таэквон-до (ITF) ұлттық спорт федерациясы мемлекет қаржыландыратын федерациялардың «А» тобына енді.  А. Аманжолов 2019-2020 жылдардағы спортшылардың әлем чемпионаттарындағы өнер көрсетулерінің нәтижелерін жалған құжатпен көрсетті.  Өйткені ол біздің федерацияның бапкерлерінің жетістіктерін өз федерациясының жаттықтырушыларыныкі деп көрсетті. Оған өзім куәмін.  Олай істеуінің басты себебі, олардың федерацияларында  айтарлықтай нәтижелер жоқ.  Осылайша А. Аманжолов ҚР заңнамасын өрескел бұзып отыр», — деп санайды ВАЛЕРИЙ КОГАЙ.  

– Айдос Аманжолов 2007 жылға дейін Қазақстанда  ITF таэквондо болған жоқ деп үнемі халық арасында екі ұдайлы пікір қалдырады. Бірақ бұл – қате! Бұрын дене шынықтыру және спорт істері комитетінде таэквондоны олимпиадалық (WTF) және олимпиадалық емес (ITF) нұсқаларға бөлу туралы сөз болған жоқ. Сондықтан біздің спортқа  қатысты барлық құжаттар: күнтізбелік жоспарлар, ұлттық құраманың тізімдері, спорттық атақтар мен жаттықтырушылар санаттарын беру құжаттары және т.б. нормативтік құжаттарға және бірыңғай спорттық жіктемеге сәйкес берілді. Таэквон-до ITF спорт түрі ретінде әрқашан тізілімге енгізілген, – деп атап өтті ВАЛЕРИЙ КОГАЙ. 

 Спорт түрлерінің тізімі – бұл ҚР аумағында дамыған спорт түрлері мен спорт пәндері туралы қағаз және электрондық тасығыштарда тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе. Спорт тізіліміне енгізу спорт федерациясы өтініш бойынша мемлекеттік аккредитация алғаннан кейін жүзеге асырылады және бұдан былай жарыстарды өткізу, спортшыларға спорттық атақтар , жаттықтырушылар мен төрешілер санаттарын беру құқығына әсер етпейді. 

– Спортшыларға спорттық атақтар мен жаттықтырушыларға жаттықтырушы санаттарын беру Мәдениет және спорт министрі бекіткен рәсім бойынша жүргізіледі. Шешімді бір адам ғана емес, барлық ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын тексеретін комиссия қабылдайды. Сондықтан АЙДОС АМАНЖОЛОВ жапқан жаласы өтірік, — дейді  ВАЛЕРИЙ КОГАЙ. 

«Таэквон-до ITF спорт түрі мемлекеттік спорт мектептерінде және Қазақстанның жоғары спорт шеберлігі мектептерінде дамып келеді. Таэквон-до ITF бөлімшелері Алматы, Семей, Петропавл, Қарағанды, Екібастұз, Орал, Теміртау, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Мемлекеттік спорт мектептерінің жұмысы спорт тізіліміне ешқандай қатысы жоқ Өзінің ішкі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы филиалдарда жұмыс істейтін жаттықтырушылар барлық талаптарды орындайды.  Жоғары дене шынықтыру білімі, спорттық атағы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі,  спортшыларының тарифтік кестесіне,  спорттық нәтижелеріне сәйкес жалақы алады. Сондықтан А. Аманжоловтың айтқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Ол республикалық және жергілікті бюджеттердегі қаражат туралы білмейді. А. Аманжоловтың шағымдары негізінде туындаған бақылаушы органдардың көптеген тексерулері спорт мектептерінде ешқандай заң бұзушылықтардың болмағанын анықтады», — деп мәлімдеді ВАЛЕРИЙ КОГАЙ. 

Облыстардағы федерацияларды қаржыландыру соңғы екі жылдағы федерация жұмысының нәтижелері бойынша тексеру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Саралау жөніндегі барлық құжаттар қатаң белгіленген. Түпнұсқа құжаттар бойынша ресімделеді. Комиссия тексеріп дұрыс болған жағдайда  бекітеді. Сыбайластық байланыстын да болуы мүмкін емес. 

Естеріңізге сала кетейік, Таэквон-до (ITF) ұлттық спорт федерациясы кіретін ITF Таэквон-до (ITF) халықаралық федерациясының директорлар кеңесі 2022 жылғы 27 наурызында Айдос Аманжоловтың өзін және оның ұлы Елдос Аманжоловты Таэквон-до халықаралық Федерациясынан шығару туралы шешім қабылдады. Халықаралық таэквон-до ITF федерациясының ережелерінің 3.34 бабына сәйкес, шешім түпкілікті өзгертілмейтін болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Бұл факт ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті үшін таэквон-до ұлттық спорт федерациясының (ITF) олимпиадалық емес спорт түрі бойынша таэквон-до ITF дене шынықтыру-спорт ұйымы ретінде тану сертификатын тоқтата тұруға негіз болды. Өткен аптадағы А. Аманжоловтың пікірін түпкілікті жоққа шығарған В. КОГАЙ заң талаптарын мүлде бұзбағандығын алға тартып, керісінше А. Аманжоловтың ісі заңсыз екендігін айтты.

Теги: