Тағы да жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды

Ақп. 11, 2024, 11:52 Т.Қ.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда екі фельдшер мен жүргізушіден тұратын №2 жедел жәрдем бригадасы HYUNDAI санитарлық көлігімен Щучинскідегі «Гелиос» жанармай құю бекетіне барған.

Жанармай құю кезінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен Ресейде тіркелген мемлекеттік нөмірдегі «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындаған.

Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі дене жарақатын алған.

Ақмола облысының Полиция департаменті соққыға жыққан ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалғанын хабарлады.

Теги: