Такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан артық жүруге тыйым салынбақ
Көлік министрі Марат Қарабаев InDriver және Яндекс қолданушыларына 50 шақырымнан ұзақ қалааралық жолда адам тасуға шектеу қою туралы ұсынысқа түсінік берді.
Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер министрден аталған мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау қашан болатынын және министрлікке қандай ұсыныстар түскенін сұрады.
«50 шақырым немесе 100, 150 шақырымнан астам жолға тыйым салу туралы министрлік ұсыныс жасаған емес және біздің ведомство осындай түзетуді енгізбеді. Атап айтқанда, аталған шектеуге қатысты нақты өзгеріс пен ол бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу қарастырылмаған. Бұл ретте, осыған дейін жұмыс тобы мүшелерінің бірі агрегаторлардың қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныс жасаған еді», - деді М. Қарабаев.
Сөз соңында министр қазір аталған тақырып бойынша талқылау қарастырылмағанын айтты.