Талдықорғанда жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде бір әскери қызметші қаза тапты

Там. 15, 2023, 11:45 Т.Қ.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Талдықорған авиациялық базасында әскери ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен.

Салдарынан бір әскери қызметші көз жұмды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Теги: