Терроризмді насихаттаған шымкенттік 7,5 жылға сотталды

Шілде 15, 2025, 8:54 Т.Қ.

Жыл басынан террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам қамалды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

canva.com

Биыл маусым мен шілде айларында діни радикализмді қолдаушыларға қатысты бірқатар сот шешімдері күшіне енді.

— Шымкент қаласының соты аталған мегаполис тұрғынының бірін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. ҰҚК жүргізген қылмыстық іс шеңберінде оның бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылықты жасауға шақырғаны анықталды. Интернеттегі экстремистік мазмұнның әсерінен радикалданған, — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар Астана соты ҚР аумағында терроризмді насихаттаумен және экстремистік топтарға адамдарды тартумен айналысқан шетелдік азаматты 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Жалпы жыл басынан ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам, оның ішінде 3 шетелдік азамат түрмеге қамалды.

Теги: