Тез шешілген мәселе сапалы бола бермейді – Досаев
Там. 22, 2024, 8:16 Т.Қ.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті.
Сұрақ-жауап сессиясы барысында тұрғындардың бірі мегаполис проблемалары жүйелі түрде шешіліп жатқанын айтып, алғысын білдірді.
- Біз де мәселені тез шешкіміз келеді. Бірақ тез істелген жұмыс сапалы бола бермейді. Бізге ақша бөлу үшін құжаттар қажет. Яғни жобалау-сметалық құжаттаманы, сараптама нәтижесін алу секілді қадамдардан өтеміз. Қолдауыңызға алғыс айтамын. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз, - деді Ерболат Досаев.