Того Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қар. 27, 2023, 3:52 Т.Қ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі.

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Теги: