Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды.
Тоқаев жиында елдің атауын өзгертіп, -стан жалғауынан алып тастауға ұсыныс жасаушыларға жауап берді. Ол республиканың аты өзгермейтінін баса айтты.
«Біз екінші республика құра бастадық. Алайда біздің кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауын өзгерту керек деп ұсыныс айтты. Олар Қазақстан атауындағы -стан жалғауын біздің елімізге және бүкіл Азияға жат деп санайды. Бірақ олай емес, әлемде Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан секілді елдер бар, онымен қоса Орталық Азия елдері бар» деді президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл ішінде Қазақстан тәуелсіз ел ретінде көптеген халықаралық шарттарға қол қойғанын еске салды.
«Біз мемлекеттік шекарамызды орнаттық. Бұл жағдайда мемлекет атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Біріншіден, бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсер ететін ескерейік» деп атап Тоқаев.
Еске салсақ, бүгін президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген. Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды.