Түрікменстан Президенті бірден 26 министрді қызметінен босатты
Шілде 12, 2022, 1:47 Т.Қ.
Бұл Сердар Бердімұхамедовтің президенттік қызметіне кіріскелі жасаған алғашқы ірі өзгерісі.
⠀
Қызметінен босатылғандар қатарында білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, жастар және әлеуметтік қорғау, экономика, банк және халықаралық қаржы ұйымдары мәселелері бойынша 26 министр бар.
⠀
Бердімұхамедов бұған дейін Түрікменстанның Австрия, Жапония, Бельгия, Франция, Түркия, Әзербайжан, Украина және Оңтүстік Кореядағы елшілерін өзгерткен еді.