Туристерден 200 мың теңге сұраған полицейлер қызметінен қуылды - Игорь Лепеха

Сәуір 3, 2025, 4:09 Т.Ж.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Түркістан облысында шетелдік блогерлерден ақша сұрау оқиғасы бойынша кінәлі полицейлер қызметінен қуылғанын айтты.

Бейнежазбадан

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Түркістан облысында шетелдік көлік жүргізушілерінен 200 мың теңге сұраған полицейлер жайында сұрақ қойды.

Өз кезегінде И. Лепеха осы оқиға бойынша тексеру жүріп жатқанын айтты.

- Қазір іс қозғалды. Осы қызметкерлер полиция қатарынан шығарылды, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Теги: