Түркиядағы Президент сайлауында Ердоған жеңіске жетті

Мамыр 28, 2023, 1:03 Т.Қ.

Түркияның Жоғары сайлау кеңесі (орталық сайлау комиссиясы) Президент сайлауының екінші кезең қорытындысын жариялады.

Сайлау жәшіктерінің 100 пайызы саналды.

Нәтижесінде, Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,16 пайыз дауысын жинап жеңімпаз атанды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады.

Ал Ердоғанның басты қарсыласы саналған Кемал Кылычтароғлы сайлаушылардың 47,84 пайыз дауысына ие болды.

Теги: