Түркістанда анасы екі баласын тұншықтырып өлтіріп, қашып кеткен
Ақп. 8, 2024, 4:39 Т.Қ.
Қызылорда облысының тумасы Түркістанға қыдырып келген екен. Бірақ неге және кімге келгені әзірге белгісіз.
Ол қалада пәтер жалдап тұрған. Өзінің туған күнінде сол пәтерде 5 және 2 жастағы балаларын жастықпен тұншықтырып өлтіріп, қашып кеткен. Қылмысқа барғанын құрбысына телефонмен айтқан.
Әйел екінші күн дегенде Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінен ұсталды.
Түркістанға жеткізілген оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.