Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді

Қар. 5, 2024, 8:48 Т.Қ.

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекке мемлекеттік сапармен келген Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Men

«Президент Ердоғанға Қырғызстанның Түркия алдындағы сыртқы қарызын өтеу туралы шешім қабылдағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін», — деді Садыр Жапаров.

Атап өтілгендей, Түркия «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру үшін Қырғызстанның 62,3 млн доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешірді.

Сапар қорытындылары бойынша екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған 19 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Теги: