Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау

Қар. 4, 2021, 10:36 Т.Қ.

Қазақстан тұрмыстық және өзге де зорлық-зомбылық деңгейі жоғары елдер қатарынан түсер емес Қарапайым тілмен айтқанда, қазақстандықтар әлсіз адамдарды ұрады, қорлайды, зорлайды және өкінішке орай өлтіреді, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың басым көпшілігі әйелдер.Осыған орай Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әйелдер қауіпсіздігінің нақты көрінісін анықтауға шешім қабылдады. Келесі жылы еліміздің барлық өңірлерінде сауалнама жүргізу жоспарлануда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша зерттеуге үй шарушылығындағы 15 және одан жоғары жастағы әйелдер қатысады. Әйелдер үй шарушылығындағы барлық әйелдер тізімінен кездейсоқ таңдап алынады», – делінген «Әйелдердің қауіпсіздігі және өмірлік тәжірибесі (сұрақнама)» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасының қосымшасында.

Статистикаға сүйенсек, соңғы 12 айда жыныстық немесе физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған ҚР-дағы 18-49 жастағы әйелдердің үлесі 2,9%-ды құраған. Соңғы 12 айда сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің үлесі 1,5%-ды, зорлау әрекетіне ұшыраған әйелдердің үлесі 1,5%-ды, зорлауға ұшыраған қазақстандық қыз-келіншектердің үлесі 0,7%-ды құрап отыр. 2019 жылы ҚР-да әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 96 750 жағдайы тіркелді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты 73 541 қорғау нұсқамасы, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты 7 712 ерекше талап шығарылды. Бұл ретте елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ҚР ІІМ бөлімшелерінің барлығы 119 қызметкері бар. 

Теги: