ҰҚК Шымкенттің тұрғын үй басқармасының басшысын ұстағанын растады

Қыр. 3, 2025, 8:18 Т.Қ.

Нұрбол Жүнісбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Polisia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбектің ұсталғанын растады. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Шенеунік аталған басқарма басшысы қызметіне 2025 жылдың наурыз айында тағайындалған. Бар деректерге сүйенсек, ұстау оқиғасы Астанада болған. Шымкент әкімдігінде Жүнісбековтің бұл кезде еңбек демалысында жүргені нақтыланды.

— Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді, — делінген ҚР ҰҚК-нің ресми жауабында.

Нұрбол Жүнісбеков 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында қаланың Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарды, ал наурыз айынан бастап Тұрғын үй басқармасына басшы болып тағайындалды.

Теги: