Үкімет жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімін қатаңдатпақ

Сәуір 9, 2025, 11:32 Т.Қ.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегін 40 млн теңге деп белгілеу шешімінің кейбір салдарына тоқталды.

канва

Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінде ҚҚС-тің төменгі шегі бұрын ұсынылғандай 15 млн теңге емес, 40 млн теңге болатынын, осының салдарынан 160 мың кәсіпкер ҚҚС төлеуден құтылатынын айтты. Министрдің сөзінше, бұл шешім бизнес субъектілері бұдан әрі ұқсақтала алмайтындай жүйені қажет етеді.

- Біз енді жеке кәсіпкерлік құрылымды құруды түрлі жолмен қатаңдатамыз. Бұған дейін салық тәртібін бұзған, жұмыс істемейтін қосымша жеке кәсіпкерлігі бар адамдарға жаңа жеке кәсіп құрылымын ашу қиын болады, - деді ол.

Теги: