Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады
Маусым 15, 2025, 6 Т.Қ.
Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.
ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.
Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан кері бағытта қайтып келе жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.