Үстел теннисі: Қазақстан ашық командалық чемпионаты 4 қалада өтеді

Наурыз 5, 2025, 6 Т.Қ.

7-9 наурыз аралығында үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының алғашқы ойындары өтеді.

ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыстар Астана, Алматы, Ақтөбе және Павлодарда ұйымдастырылады.

Медаль үшін 6 лига командалары бақ сынайды:

- Суперлига (Павлодар, 12 команда)

- Екінші лига (Астана, 12 команда)

- Үшінші лига (Астана, 12 команда)

- Төртінші лига (Алматы, 12 команда)

- Бесінші лига (Алматы, 12 команда)

- Алтыншы лига (Ақтөбе, 16 команда).

Теги: