Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы

Маусым 21, 2023, 3:42 Т.Қ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында волонтерлерді бүгінгі адамзаттың элитасына теңеді.

«Бұл форум бірлескен әрекеттер маңызды рөл ойнайтынын көрсетеді. Біз әлемде бұрын-соңды болмаған түрлі проблемаларға кездесіп отырмыз. Сондықтан қазір жарқын болашаққа деген үмітті өшіріп алмау үшін ымырашылдық өте қажет. Мен халықаралық волонтерлік бағдарламалар тиімді екеніне және жеке тұлғалар арасындағы дипломатияны ілгерілетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Өз өмірін өзгелерге арнап жүргендерге, әсіресе мұны халықаралық деңгейде істеп жүргендерге алғыс білдіргім келеді. Өйткені оларды адамзаттың элитасы, бейбітшілік пен мейірімінің нағыз елшілері деп айтуға болады», — деді Президент.

Теги: