Зейнеткерлерге мүгедектік тобы мезгілсіз белгіленеді – министрлік
Еңбек және халықты қорғау министрлігі мүгедек жандарға мүгедектікті мезгілсіз белгілеу механизміне қатысты түсінік берді.
- Қазақстанда мүгедектік топ 18 жасқа толған азаматтарға қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізіміне енгізілген 59 нозологиялық нысан бойынша мерзімсіз белгіленеді. Сондай-ақ организм функцияларының тұрақты қалпына келмейтін өзгерістер мен бұзылулар болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде 4 жыл, екінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде 5 жыл және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде 6 жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді. Одан басқа, зейнет жасындағы адамдарға 16 болжамы қолайсыз болған кезде, мүгедектік топ мерзімсіз белгіленеді, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы Жасұлан Үлмесеков.