Жақсыбек Құлекеев: Мені президент қазір де «Жәке» деп атайды

Мамыр 19, 2022, 9:12 Т.Қ.

Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев соңғы уақытта көпшілік көзіне жиі түсіп жүр. 2008 жылдың 1 сәуірінде тұтқындалып, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі бойынша «қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен сотталған саясаткермен Menmedia.kz тілшісі сұхбат жүргізді.

– Жақсылық Әбдірахметұлы, қазір 5 маусымда болатын референдум қызу талқыланып жатыр. Қалай ойлайсыз, бізге реформа керек пе?

– Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар ісімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, жүйелі жүргізе аламыз.

Елбасы кезеңінде референдум болған жоқ. Соның салдарынан халық пен билік арасында, кедей мен бай арасында алшақтық болды. Заң алдында барлығының беделі бір екендігін ұмытып кеттік. Менің ойымша, кез келген заңды референдум арқылы шешу керек. Сонда Елбасы тұсындағыдай саяси қателіктер болмайды.

Теги: