«Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы астананың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынды

Қыр. 2, 2022, 5:27 Т.Ж.

«Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек деп есептейді.

Ол – елорданың атын қайта қайтару.

Айтуларынша, адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс емес және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамаған.

– Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді. Бұл Тұңғыш Президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру.

Қадірлі ағайын! Қай заманда да ел басына күн туғанда, халқымыз бір басшының айналасына топтасып, қиындықтардан да, сынақтардан да аман-сау шыққан. Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген жақсы сөз бар. Қазір – араздасатын уақыт емес, бірігетін уақыт, таласатын уақыт емес, татуласатын уақыт!

Сондықтан барша көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз бірлесіп, Отанымызды алдағы сынақтардан абыроймен алып шығайық, – деп аяқталады халық қалаулыларының мәлімдемесі.

Теги: