Жастарымыздың арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, болмысымызды, тілімізді, ділімізді насихаттауымыз керек

Қаз. 10, 2023, 10:19 Т.Қ.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында жақында бой көтерген «Анаға тағзым» орталығын аралау кезінде айтты.

Мемлекет басшысы мұндай орталық жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

«Расында, бұл жұмыс өте маңызды. Әйтпесе, дүниежүзінде болып жатқан теріс үрдістерді бәріміз көріп отырмыз. Ондай жағымсыз үрдістер елімізде де бар. Біз олармен күресіп, өзіміздің ұлттық көзқарасымызды дәріптеуіміз қажет», – деді Президент.

Теги: