Жеке адамдардың меншігіндегі самокаттардың жылдамдығын бақылау мүмкін болмай тұр
Маусым 22, 2023, 3:59 Т.Қ.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
«Жеке компаниялар жалға беретін электр самокаттарының жылдамдығы автоматты түрде бақыланады. Ал жеке адамдар өзі сатып алған самокаттың жылдамдығын бақылау техникалық тұрғыда мүмкін емес деп айтуға болады. Өйткені қазір полицияда ондай технологиялар әзірге жоқ. Жол апаты болған жағдайда, полиция оқиға орнында арнайы сараптама жасайды. Сол арқылы самокаттың жылдамдығын анықтап, жүргізушіні жауапқа тартуға болады», — деді ол.