Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Қаз. 9, 2024, 6 Т.Қ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе басқа да жолдармен жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске салды. 

Kazinform

«Сыйақы беру қағидаларымен регламенттелген, жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мен азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күреске тартудың тиімді тетігі. 2020 жылы сыйақы беру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Германия, Ұлыбритания, АҚШ) елдерінің тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланды», - деді агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Антикордың ресми өкілі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 14 млн 768 мың теңгеге дейін сыйақы алуға болатынын айтып отыр.

«Биыл 9 айда агенттіктің аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткені үшін 76 адамды 28,9 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы берді. Оның ішінде 33 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды», - дейді ол.

Агенттіктің жедел желісіне көбіне қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қамқоршылығы, мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар және лауазымды адамдардың басқа да заңсыз және бопсалау әрекеттері бойынша хабарласады екен.

«Ең көп марапатталған өңірлер қатарында Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы, бұл аймақтарда 8-ден 10 адамға дейін сыйақы алған. Сыбайлас жемқорлық әрекеттер туралы мемлекеттік қызметшілер жіберген хабарламалардың да саны артып келеді», - деп толықтырды Д. Бигайдаров.

Теги: