Жетісу облысында 3 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр

Қыр. 11, 2024, 11:14 Т.Ж.

7 қыркүйек күні күндізгі 10:00 шамасында үйден шығып кеткен бала төртінші күн әлі табылмады.

Фото отбасының жеке мұрағатынан

Көксу бекетінің тұрғындары мен барлық құрылым өкілдері, еріктілер жабылып іздестіруде.

Соңғы рет өзен бойындағы көпірден өтіп бара жатқанын көргендер бар екен.

«Балаларды далаға шығарып өзім ас үйде тамақ жасап жүргенмін. Балам аулада ойнап отырған. Арада 15 минуттай ғана уақыт өткен шығар, сыртқа шықсам Алдияр жоқ. Сол күннен бастап, міне, қазірге дейін іздестіріп жатырмыз», -дейді баланың анасы Айнұр Бекжанова.

Алдияр — тоғыз баланың жетіншісі. Томаға-тұйық. Әдеті — бас бармағын үнемі аузына салып жүреді.

Бойы 60-65 см. Шашы ашық қоңыр. Дене бітімі орташа. Үйден шығып кеткенде үстіне сұр жемпір, қара шалбар киген. Аяқ киімі ақ түсті.

Теги: