Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей көз жұмды

Маусым 29, 2025, 6 Т.Қ.

Жетісулық тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан.

instagram.com/sadenov_online

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады, — деді Ержан Сәденов.

Оның сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді.

Теги: