Жетісуда құтқарушылар Балқашты бақылауда ұстап отыр
Сәуір 8, 2026, 4:39 Т.Қ.
Жетісу облысында Балқаш көлі аумағында құтқарушылар күн сайын патруль жүргізіп жатыр.
Қайықтың көмегімен мамандар көл акваториясын бақылауда ұстап, жетуі қиын учаскелерді тексереді.
Қазіргі уақытта көлде мұз біркелкі емес: кей жерлерде ашық су, кей тұстарда жұқа мұз бен мұз кесектері байқалады.
Мұндай жағдай адамдар үшін аса қауіпті.
Құтқарушылар азаматтарды су айдындарына жақындағанда барынша сақ болуға шақырады.