Жетісуда жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Ақп. 8, 2025, 6:42 Т.Қ.
Алматы-Өскемен тас жолының 271-шақырымында жол көлік оқисы болды. 4 адам көз жұмды.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, Ауди автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады, - делінген Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.