Жезқазғанда қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 4 адам ұсталды

Мамыр 24, 2023, 5:35 Т.Қ.

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Алдын ала мәлімет бойынша олар «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тартып жатырмыз деген желеуімен 600-ден астам адамнан 124 миллион теңгеден астам қаражатты алған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабынына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Теги: