Жоғарғы сот оқушының мектепке орамал тағуына салынған тыйымның күшін жойды

Қыр. 25, 2024, 9 Т.Қ.

азақстандық заңгер Жаслан Айтмағанбетов оқушы қыздың орамал таққаны үшін мектеп қабырғасында білім алуына шектеу қою мәселесін көтеріп, Жоғарғы сотқа жүгінген. Осы іс бойынша шешім қабылданды.

kaztag.kz

«Жоғарғы сот оқушы қыздардың орамал таққаны үшін мектепте білім алуына шектеу қою мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы сот осы шешімімен облыстық сот қаулысының күшін жойып, тыйым балалардың білім алу құқығын бұзатынын мойындады. Мұндай шешімді бұған дейін 4 облыстағы соттар да мойындаған еді. Қалай болғанда да, сот билігі министрліктің ұстанымына емес, заң нормаларына қарайтыны қуантады», — деген жазба жариялады заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда істің мән-жайын Жоғарғы соттан сұрап білдік. Ведомство бұл мәліметті растады.

«Шешім қабылданды, 10 жұмыс күні ішінде қаулы шығады», — делінген Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы хатшылығы таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру мәселесі елімізде бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың мектепке хиджабпен келуіне қатысты былай деген еді:

«Конституция бойынша Қазақстан — зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың мектеп формасы мен киіміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар білім ордасына мектеп формасымен келуі керек».

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жұмыста хиджаб кию мәселесіне пікір білдірді.

Теги: