Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды

Қаң. 2, 2024, 1:36 Т.Қ.

Бүгіннен бастап «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ел Үкіметінің қаулысы күшіне енді.

Аталған құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды. Ол 2024-2028 жылдар аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен өсуге тиіс. Осылайша зейнетке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі.

Бұл шара әсіресе жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы аударымына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударым есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы жұмыс берушілердің жарнасы есебінен құралады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.

Осылайша әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.

Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу шығыны елеусіз деңгейде қалатынын атап өту қажет.

Теги: