1 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді
26 Қазан 2023
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.