111 байланыс орталығына бір жылда 226 мың адам жүгінген

2 Шілде 2025

2024 жылдың 1 маусымы мен 2025 жылдың 31 мамыры аралығында 111 байланыс орталығына шамамен 226 адам жүгінген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті.

canva.com
canva.com

Мемлекеттік корпорация мәліметінше, 123 мыңнан астам өтініш 111 қысқа нөмірі арқылы түссе, 103 мыңға жуығы мәтіндік хабарлама ретінде келген. Бұл ретте өтініштердің 122 мыңы ересек адамдардан (оның ішінде 13,5 мыңға жуық әйелден), 104 мыңнан астамы балалардан түскен.
111 қысқа нөміріне мына өңір тұрғындары жиі қоңырау шалады:

— Алматы — 10 мыңнан астам;
— Астана — 6,4 мыңнан астам;
— Шымкент — шамамен 5,6 мың;
— Түркістан облысы — шамамен 6,8 мың;
— Алматы облысы — 6,3 мыңға жуық.

Ең аз өтініштер мына өңірлерден түскен:

— Абай облысы — шамамен 1,6 мың;
— Солтүстік Қазақстан облысы — 1,5 мыңнан астам;
— Ұлытау облысы — 900-ге жуық.
— Дегенмен Алматы қаласынан, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарынан өтініштердің артқаны байқалады, — деп атап өтеді корпорациядан.

Ұсынылған мәліметке қарағанда, әйелдер негізінен отбасындағы зорлық-зомбылық, алимент төлемеу, балаларға қамқорлық, әлеуметтік қорғау, баспанадан айырылу, психологиялық қиындықтар және бала тәрбиелеу мәселелері бойынша жиі жүгінеді. Ал балалар 111 байланыс орталығына отбасындағы жанжал, ата-аналарының араққа немесе есірткіге тәуелділігі, ата-аналарының ажырасуы, мектептегі әлімжеттік, кибербуллинг, құрдастарымен қарым-қатынастағы қиындықтар, оқудағы проблемалар, құқықтарының бұзылуы сындщы мәселелер бойынша қоңырау шалады.

— Соңғы 12 айда келіп түскен өтініштердің қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан астам жағдай одан ары қарастыру үшін құқық қорғау органдарына берілді, — деп атап өтеді корпорациядан.

Тегтер: