2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары белгілі болды
12 Қараша 2025
Ұлттық тестілеу орталығы келер жылғы ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады.
Орталықтың мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Сонымен 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары төмендегідей болып белгіленді:
Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Оқу сауатталығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5;
1 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5;
2 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.