8 айда негізгі капиталға 11,5 трлн теңге инвестиция тартылған

25 Қыркүйек 2025

8 айдың ішінде елде зауыттар салып, жол мен тұрғын үй тұрғызуға, өндіріс орындарын жабдықтауға 11,5 трлн теңге инвестиция тартылып, негізгі капиталға жыл басындағы көрсеткіштен 14,3% артқан. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

канва
канва

— 8 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,3% өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. 2024 жылдың 8 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда инвестиция өсімі қаржы және сақтандыру қызметінде 204,1%, білім саласында 192,8%, өңдеуші өнеркәсіпте 134,3%, ауыл шаруашылығында 129,1%, көлік саласында 115,1%, жылжымайтын мүлік саласында 111,4% тіркелді, — деді вице-министр.

Оның сөзінше жалпы тәуелсіздік жылдарында елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 465 млрд долларға жектен.

— 2025 жылдың бірінші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 6,6 млрд доллар болды. Бұл 2024 жылдың 8 айымен салыстырғанда 6,2% көп, — деді Арман Қасенов.

Тегтер: