9 айда елде 5 мыңнан астам трактор мен комбайн құрастырылған

29 Қазан 2024

Кейінгі 5 жылда елдегі ауыл шаруашылығы техникасының өндіріс көлемі 4 есе өскен.

gov.kz
gov.kz

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осындай мәлімет айтты.

«Ауыл шаруашылығы машиналары секторында соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 4 есеге өсті.

9 айдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам трактор мен комбайн өндірілді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары отандық техникамен, оның ішінде әлемдік CLAAS, Horsch, Deutz Fahr брендтерінің Қазақстанда өндірілген заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл әлемдік нарықтың көшбасшылары Amazone және Zoomlion компаниялары елге тартылды», - деді министр.

Қанат Шарлапаевтың ақпаратына сүйенсек, елде трактор кабиналары мен комбайн бункерлері сияқты ірі бөлшектердің өндірісі іске қосылған.

«Өндірушілер мен қосалқы өндірістер арасында кооперация жолға қойылды. Қостанай қаласында локализация орталығы құрылып, онда компоненттік базаны өндіру цехтері ұйымдастырылды. Аспалы және тіркемелі техника өндірісін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді ведомство басшысы.

Тегтер: