Абай облысында 100-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

15 Наурыз 2025

Абай облысында қатты боран салдарынан көліктер жолда қалып жатыр.

canva.com
canva.com

«Қазавтожол» ҰК мәліметіне сүйенсек, кеше сағат 23:00–ден бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен» тасжолының Таскескен ауылы мен Аягөз қаласы аралығындағы жол жабылды.

— Әуелі жүк көліктерінің, кейін жеңіл көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Барлығы 100-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойған. Оларға көмектесу үшін 20-ға жуық ауыр техника жұмылдырылды, — делінген ақпаратта.

Жол қызметтері 60-тан астам көлікті қардан шығарды. Аягөз қаласына 3 автобус жеткізілді.

Жылыту пунктіне 77 адам, оның ішінде үш бала орналастырылды.

Қазіргі уақытта Таскескен мен Аягөз арасындағы жол учаскесі әлі де жабық тұр.

Тегтер: