Аймағамбетов баласына мектеп формасын расымен де өзі таңдаған

17 Тамыз 2022

Кеше ғана Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлының мектеп формасын қайдан және қанша теңгеге алғанын айтқан болатын.

Бүгін желіде Аймағамбетовтың баласына мектеп формасын расымен де өзі таңдап жүрген фотосы тарады.

Айтуынша, баласына бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алып, 35 мыңға жуық ақша кеткен.

Еске сала кетейік, биылдан бастап мектеп формасына жұмсалатын қаржы ата-аналардың жеке шотына аударылатын болады.

Аймағамбетов баласына мектеп формасын расымен де өзі таңдаған
Тегтер: