Аймағамбетов мұғалімдердің сағатын тағы да көбейтпек

23 Қыркүйек 2022

Биылдан бастап 1-сынып оқушылары тек қазақ тілін оқып жатыр. Орыс тілі мен ағылшын тілі оқу бағдарламасына 2-ші және 3-сыныптарда қосылады.

Бұл туралы арнайы брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Айтуынша, математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттары көбейтіледі.

Сондай-ақ оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылмақ.

«STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 10-11 сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге баса мән беріледі.

– 2024 жылдан бастап 3-сыныпта екі-ақ сабақ болатын болса, 3-сыныпта 3 сабаққа дейін көбейтеміз. Бұл халықаралық талаптарға сай болады. Және 10-11 сыныптарда қазіргі уақытта 3 рет сабақ болатын болса, енді 5 күндік форматта ағылшын тілі күнде күнде болатын болады, – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Аймағамбетов мұғалімдердің сағатын тағы да көбейтпек
Тегтер: