Ақылы терминалда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
15 Қыркүйек 2024
Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты.
Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.
Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Тергеу жалғасып жатыр», — дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елжан Чупеков.