Ақмарал Науатбек Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды

5 Қыркүйек 2024

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. 

Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі

Отандасымыз финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.

Тегтер: