Ақмола облысында полиция қардың қалың түсуіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

1 Ақпан 2025

1-3 ақпан аралығында Ақмола облысына қалың қар түседі деген болжам бар. Бұл жол жағдайын едәуір қиындатуы мүмкін. Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырып отыр.

Бейнежазбадан
Бейнежазбадан

Polisia.kz сайты қар қалың түскен кезде қозғалыстың шекті жылдамдығы 140 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін төмендету керектігін еске салды.

Аймақ трассаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 300-ден астам қызметкері және жол-техникалық инспекцияның 21 қызметкері жұмылдырылды. Олар жолдардағы жағдайды бақылайды, жол қызметтерін үйлестіреді және жолдардың уақытылы тазалануын қадағалайды.

— Қар жауған кезде жолдың көрінуі қиындайды. Біз жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және мүмкіндігінше алыс сапарлардан аулақ болуға шақырамыз, — деп атап өтті Ақмола облыстық Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.

Тегтер: