АҚШ елшілігі қазақстандықтар үшін маңызды хабарлама жариялады

26 Сәуір 2025

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі визалық әңгімелесуге жазылу туралы хабарлама жариялады.

canva.com
canva.com

2 мамырдан бастап, Астана және Алматы қалаларындағы консулдық бөлімдер виза сұхбатына жазылу рәсімін сұхбат күніне үш жұмыс күні қалғанда сағат 17:00–де жабады.

Мәселен, егер сұхбат 2 мамырға белгіленсе, DS-160 өтінішіндегі барлық мәлімет 28 сәуір сағат 17:00–ге дейін толық толтырылып, жіберілуі тиіс.

DS-160 өтініші бойынша растама хатыңыздағы штрих-код нөмірі (AA00 деп басталады) мен сұхбатқа жазылу жүйесіне енгізілген DS-160 штрих-код нөмірі бірдей болуы керек.

— Сұхбатқа жазылу жүйесіндегі штрих-код нөмірінде қате жоқтығына көз жеткізіңіз. Жиі кездесетін қателердің бірі — «0» санының орнына «O» әрпін пайдалану. Дұрыс штрих-кодтар әрқашан AA00-ден басталады және мұндағы 0 сан ретінде жазылады, — делінген хабарламада.

DS-160 өтінішіңізде көрсеткен сұхбат орны (қала) мен сұхбаттан өту үшін таңдаған орын (қала) бірдей болуы керек.

— Егер сіздің DS-160 формаңызда «Өтінішіңізді тапсыратын орын» деп Алматы көрсетілсе, бірақ сіз сұхбатқа Астанаға жазылған болсаңыз, сіз жаңа DS-160 өтінішін толтырып, сұхбатқа үш жұмыс күні қалғанға дейін штрих-код нөмірін жүйеде жаңартуыңыз қажет, — делінген елшілік хабарламасында.

Егер сіз жазылып қойған сұхбатыңызға келмей қалған болсаңыз, сізді «келмеген (no show)» деп белгілейді және сіз DS-160 өтінішін жаңадан толтыруыңыз керек.

Қайтадан толтырылған DS-160 өтінішінің штрих-код нөмірін сұхбат күніне кем дегенде үш жұмыс күн бұрын жазылу жүйесінде жаңартуыңыз қажет.

Сіздің DS-160 өтінішіңіз толтырылып, жіберілген болуы тиіс.

Өтініш берушілердің көбі DS-160 өтінішін сұхбатқа бір күн қалғанға дейін толық аяқтамай, созып жүреді. Егер сіз әлі DS-160 өтінішін толтыруды аяқтамасаңыз, онда сұхбатқа кемінде үш жұмыс күні қалғанға дейін тез арада толтырып шығуыңыз керек.

Егер сіздің DS-160 өтінішіңіз осы талаптарға сай келмесе, сіз тіркеліп қойған сұхбат күні мен уақыты жойылады, сізді сұхбатқа «келмеді» деп белгілейді және сұхбатқа қайтадан жазылуыңыз керек болады.

Тегтер: