АҚШ, Қытай, Жапония мен Германия: Алматыдан 7 ірі қалаға тікелей рейс ашылады
10 Ақпан 2025
Биыл Алматы халықаралық әуежайы жаңа 7 бағытқа әуе рейстерін тасымалдауды бастамақ.

Енді қазақстандықтар Франкфурт (Германия), Шанхай (Қытай), Гуанчжоу (Қытай), Мумбай (Үндістан), Чэнду (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ), Токио (Жапония) қалаларына Алматыдан тікелей ұшып бара алады. Бұл бағыттарға туристерді тасымалдау 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Нәтижесінде шетелдік туристердің саны 630 мыңнан 1,8 млн адамға дейін артып, тағы 25,1 мың туризм саласының мамандары жұмыспен қамтылуы мүмкін.
Дәл қазір жоба «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға орналастырылды. Ол 19 ақпанға дейін жалғасады.