АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

19 Наурыз 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда
Ақорда

Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.

Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.

Тегтер: