Ақтаудың қоғамдық көліктерінде жаңа төлем жасау жүйесі іске қосылды
Жаңа төлем жүйесі ақылы, тегін жүру, жеңілдікпен төлеу процестерін жүзеге асырады, деп хабарлады, деп хабарлайды Ақтау әкімдігі.

Бүгінде қала тұрғындары жолақысын арнайы көлік карталарымен төлейді. Бұл жүйе қарапайымдылығымен және қауіпсіздігімен ерекшеленіп, тұрғындар тарапынан оң бағасын алып үлгерді.
— Жаңа жүйе – қарапайым әрі заманауи. Балалар автобустарда арнайы құрылғылар арқылы картамен жолақысын төлей алады, мобильді қосымшаны пайдаланудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, ата-аналар олардың қозғалысын бақылап отыра алады, — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Сара Алдоңғарова.
Әлеуметтік көлік карталары мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне, құрметті азаматтарға, зейнеткерлерге және басқа да санаттағы тұрғындарға беріледі.
70 жасқа дейінгі зейнеткерлер жолақыны 50% жеңілдікпен төлейді, ал 70 жастан асқандар қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Жеңілдікпен берілетін көлік карталарын алу үшін 4-шағынаудандағы №72 ғимаратта орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығына бару қажет.
Барлық тұрғындар мен мектеп оқушыларына арналған төлем карталарын 7-шағынаудандағы 24-үйде орналасқан кеңседен алуға болады.