Акушерлер, сантехниктер мен кеншілер: Jas Keñes Síylığı-ні кім қатыса алады

8 Шілде 2025

Биылғы жылы Jas Keñes Síylığı сыйлығына аталымдардың тізімі кеңейтілді.

men
men

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі Гүлзира Атабаеваның айтуынша, енді бұл тәуелсіз сыйлық үшін атом энергетикасы, мұнай-газ саласы, агроөнеркәсіптік кешен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және креативті индустриялар салаларындағы жас мамандар да бақтарын сынай алады.

– Бұл жаңа аталымдар – Zharyq, Örken және Örleu. Сыйлық ел экономикасы мен қоғамдық өмірінің маңызды салаларында өзін көрсеткен және күнделікті еңбегі арқылы қоғамның өмірін жақсартып келетін жас мамандарға табысталады. Ол мемлекеттік марапаттармен бәсекелеспейді. Өйткені, оның мақсаты – көзге көрінбейтін, бірақ өмірлік маңызы бар мамандықтардың маңыздылығын көрсету. Бұл Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» деген идеямен толық үндеседі, – деді Гүлзира Атабаева.

Енді сыйлық экономика салалары бойынша 10 аталымда үздік атанған 20 жеңімпазға табысталады. Байқау үш кезеңнен тұрады, ал басты жүлде – әр жеңімпазға 1 миллион теңге. Қатысу шарттары – 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болу.

– Бірінші кезең – өтінімдердің толықтығы мен дұрыстығын техникалық тексеру. Екінші кезең – комиссия мүшелерінің өтінімдерді жеке қарауы. Бұл кезеңде әр комиссия мүшесі өтінімдерді тәуелсіз бағалап, әр номинация бойынша кемінде бес үміткерден тұратын тізім жасайды. Үшінші кезең – онлайн немесе оффлайн форматта комиссия мүшелерімен сұхбат. Сұхбат нәтижесінде комиссия мүшелері үміткерлерге бес балдық шкала бойынша баға береді. Ең жоғары ұпай жинаған екі үміткер өз номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылады, – деп түсіндірді Гүлзира Атабаева.

Өтінімді өз бетінше беруге болады. Дегенмен, үміткердің жұмыс орнын көрсету үшін жұмыс берушіден ұсыныс хат қоса тіркелуі тиіс.

Павлодар облысы бұл сыйлыққа қатысу белсенділігі бойынша елде көш Мысалы, өткен жылы павлодарлық жастар 61 өтінім жолдаған, олардың екеуі Bızdıñ üi аталымында жеңімпаз атанды. Миллион теңгенің иегері болғандар қатарында Екібастұз қаласындағы «Горводоканал» ШЖҚ КМК мен Павлодар қаласындағы «Коммунсервис» ЖШС-нің қызметкерлері.

Кеңес мүшелері биыл да қатысушылардың саны былтырғы көрсеткітен кме түспейді деген үмітте.

Тегтер: