Алаяқтар Мұрат Нұртілеудің атынан жалған видео таратты
25 Маусым 2025
Қазақстандағы ақпараттық кеңістікте дипфейктердің жаңа толқыны таралып жатыр. Бұл жолы алаяқтар премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің бейнесін пайдаланған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алаяқтар интернет кеңістігінде таратқан жалған видео Мұрат Нұртілеу мен қазақстандық журналистің қатысуымен жасалған. Онда вице-премьердің Ресей әуе кемелерінің еркін ұшуы «толық заңдастырылды» деп мәлімдегені көрсетілген. Сонымен қатар отандық тілшінің де солай айтқаны көрсетілген. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан құзырлы органдар мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады.